«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы екі тәулікте республиканың солтүстік, шығыс және солтүстік-батыс өңірлеріне циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалы сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал. Күндіз ауа температурасы +22…+27°С шамасында болады.
Ал елдің батысы, оңтүстігі және оңтүстік-батысында Иран аумағынан келетін ыстық ауа массаларының әсерінен аптап ыстық сақталады. Бұл өңірлерде ауа температурасы +34…+39°С-қа дейін көтерілсе, оңтүстіктің кей бөліктерінде +42°С-қа дейін жетеді.
Синоптиктер тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт сыртта болмауға, жеткілікті мөлшерде су ішуге және найзағай кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.