Асхат Рақымжанов: «Алдымызда үлкен жұмыс тұр»
Экзитпол нәтижесіне сәйкес, Қазақстанның алғашқы Құрылтай сайлауында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) сайлаушылардың 5 пайыздан астам қолдауына ие болды. Newsroom.kz хабарлайды.
Алғашқы болжамды нәтижелер жарияланғаннан кейін ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов партияға қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты.
Оның сөзінше, сайлаушылардың сенімі партияға үлкен жауапкершілік жүктейді.
«Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік», – деді Асхат Рақымжанов.
Партия төрағасы сондай-ақ сайлауалды науқан кезінде ЖСДП командасымен бірге жұмыс істеген белсенділер мен еріктілерге ризашылығын білдірді.
Ол партияны қолдаған барлық азаматтарға шынайы алғысын айтып, сайлау науқаны барысында көрсетілген қолдаудың маңызын атап өтті.
Айта кетейік, әзірге жарияланған көрсеткіштер экзитпол нәтижелері болып саналады. Құрылтай депутаттарын сайлаудың түпкілікті нәтижесін Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.