weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

«ДАУЫС» қоғамдық байқаушылар коалициясы Құрылтай депутаттарының сайлауына жүргізілген мониторингтің алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлау күні ел бойынша коалицияның 25 мыңнан астам байқаушысы жұмыс істеген. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды
Фото: Ашық деректер көзі

Коалиция төрағасы Төлеген Күнәділовтің айтуынша, сайлау процесі жалпы алғанда тыныш әрі ұйымдасқан жағдайда өткен. Учаскелердің басым бөлігінде белгіленген рәсімдер сақталып, сайлау комиссиялары мен қоғамдық байқаушылардың өзара жұмысы талапқа сай жүргізілген.

«Ерекше назар аударуды қажет ететін немесе осы науқанның әділ әрі ашық өтуіне күмән келтіретін заң бұзушылықтар болған жоқ», – деді Төлеген Күнәділов.

Байқаушылар сайлау күні учаскелерде сайлаушылардың тұрақты легі болғанын тіркеген. Коалиция өкілдері әсіресе жастардың дауыс беруге белсенді қатысқанын атап өтті.

Сонымен қатар мониторинг барысында сайлау учаскелерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігі де бағаланған. Байқаушылар пандустардың, арнайы кабиналар мен ақпараттық материалдардың болуына назар аударды.

Айта кетейік, сайлауға дейін коалиция байқаушылары бір ай бойы арнайы дайындықтан өткен. Оларға сайлау заңнамасы, байқаушылардың құқықтары мен міндеттері, дауыс беру және дауыстарды санау тәртібі түсіндірілген.

Қазір коалиция өңірлерден келіп түскен мәліметтерді жинақтап жатыр. Барлық материал толық өңделгеннен кейін қоғамдық байқаудың қорытынды талдамалық есебі жарияланады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→