weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Апатсыз жүргізушіге – арзан сақтандыру? Қазақстанда автосақтандыру есебі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда автосақтандыру құнын жүргізушінің жолдағы тәртібіне  қарай есептеу ұсынылып отыр. Бұл тәсіл 2030 жылға дейінгі сақтандыру нарығын дамыту бағдарламасы аясында қарастырылуда. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Апатсыз жүргізушіге – арзан сақтандыру? Қазақстанда автосақтандыру есебі өзгеруі мүмкін
Фото: Ашық деректер көзі

Ұсыныстың негізгі мәні – сақтандыру бағасын жүргізушінің нақты жолдағы тәртібіне  қарай қалыптастыру. Ол үшін сақтандыру жағдайларының жиілігі мен ауырлығы, сақтанушының мінез-құлқы және өңірлік ерекшеліктер ескерілуі

Яғни болашақта жолда өзін қауіпсіз ұстайтын, апатқа сирек ұшырайтын жүргізушілер үшін полис арзандауы, ал тәуекелі жоғары жүргізушілер үшін қымбаттауы мүмкін.

Алайда бұл әзірге ұсыныс деңгейіндегі өзгеріс. Нақты тарифтер мен жаңа есептеу тәртібі әлі бекітілген жоқ.

Сақтандыру саласын реформалау Мемлекет басшысының 2026 жылғы 10 ақпандағы тапсырмасынан кейін басталды. Агенттікке 2030 жылға дейінгі саланы дамыту бағдарламасын және жаңа «Сақтандыру қызметі туралы» заң жобасын әзірлеу тапсырылған.

Айта кетейік, автосақтандыруда тәуекелге негізделген жекелеген есептеу тетіктері қазірдің өзінде бар. Мысалы, 2026 жылға міндетті автосақтандыру сыйлықақысын есептеуге қолданылатын бірқатар коэффициенттер бекітілген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→