Жаңалықтар

Құрылтай күні Елордада 25 сәби дүниеге келді

Астанада 23 тамыз – Құрылтай депутаттарының сайлауы өткен күні 25 сәби дүние есігін ашты. Осылайша, сайлау күні 25 елордалық отбасы үшін өміріндегі ең маңызды күндердің біріне айналды. Newsroom.kz хабарлайды.

Елорда медициналық ұйымдарының мәліметінше, бір тәулікте дүниеге келген сәбилердің 14-і ұл, 11-і қыз.

Ел тұрғындары сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасап жатқанда, елордадағы перзентханаларда ата-аналар сәбилерін алғаш рет құшағына алып, қуанышты сәтті қарсы алды.

Медицина қызметкерлері болашақ аналар мен жаңа туған нәрестелерге тәулік бойы қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, Астанада ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Елордада әйелдерге жүктілік пен босану кезінде, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.