Қайғылы оқиға 22 тамызда Үшқайық ауылдық округі аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2002 жылы туған азамат шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен. Оны құтқаруға әрекет жасаған 1998 жылы туған ағасы да өзенге батып кеткен.
Құтқарушылар 24 тамызда 2002 жылы туған азаматтың денесін оқиға орнынан шамамен 6 шақырым жерден тапқан.
Ал 25 тамызда екінші азаматтың денесі оқиға орнынан шамамен 30 шақырым қашықтықтан табылып, судан шығарылды.
Іздестіру жұмыстарына 90-ға жуық адам, арнайы техника, жүзу құралдары мен дрондар жұмылдырылған.
Осылайша, бірнеше күнге созылған іздестіру жұмыстары аяқталды. Өкінішке қарай, қайғылы оқиға салдарынан екі ағайынды да қаза тапты.