Ынтымақтастықтың перспективалары Қазақстанның Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Вьетнам Премьер-министрінің орынбасары Фам Тхи Тхань Ча арасындағы кездесуде талқыланды.
Тараптар туристерді елдердің мәдени ортасына тереңірек тартуға бағытталған жобаларды дамытуды ұсынды. Олардың қатарында дәстүрлі қолөнермен, ұлттық салт-дәстүрлермен және тағамдармен танысу, сондай-ақ шеберлік сабақтары мен шығармашылық бағдарламаларға қатысу бар.

Сонымен қатар Қазақстан мен Вьетнам арасында кешенді туристік маршруттар әзірлеу ұсынылды. Оларға тарихи қалалар, мәдени мұра нысандары, музейлер, қолөнер орталықтары, фестивальдер мен заманауи мәдени кеңістіктер енгізілуі мүмкін.
Мұндай жобалар екі елге жаңа туристер тартумен қатар, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы мәдени байланысты нығайтуға және шығармашылық индустриялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді.