weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астанада «Құқықтық тәртіп» шарасы кезінде 1100-ден астам заң бұзушылық тіркелді

Елордада тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның барысында полиция қызметкерлері көшелер мен халық көп жиналатын орындардағы бақылауды күшейтіп, заң талаптарының сақталуына ерекше назар аударуда.

Астанада «Құқықтық тәртіп» шарасы кезінде 1100-ден астам заң бұзушылық тіркелді
Фото: ашық дереккөз

Іс-шара басталғалы бері полиция 1100-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында патрульдік жасақтар елорда аумағында тұрақты түрде қызмет атқарып келеді.

Профилактикалық жұмыстар барысында көлік жүргізушілеріне қатысты да бірқатар заң бұзушылық анықталды. Мәселен, патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Kia Rio маркалы автокөлігін тоқтатып, оның 46 жастағы жүргізушісін тексерген.

Тексеру нәтижесінде азаматтың көлік басқару құқығы уақытша тоқтатылғанына қарамастан, рөлге қайта отырғаны белгілі болды. Осыған байланысты жүргізуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік арнайы коммуналдық тұраққа орналастырылды.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы жағдайды бақылауды, құқық бұзушылықтардың алдын алуды және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.

Құқық қорғау органдары елорда тұрғындары мен қала қонақтарын қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға, қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті бұзбауға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Мұндай профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылыққа жол бермеу және қаладағы қауіпсіз орта деңгейін арттыру.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→