weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Құрылтайда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желі қолдануға шектеу қою ұсынылды


Мәжіліс депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжанов 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуін заң арқылы шектеуді ұсынды, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Құрылтайда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желі қолдануға шектеу қою ұсынылды
Фото: Ашық деректер көзі

Депутат бұл ұсынысты Премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған депутаттық сауалында көтерді.

Оның пікірінше, балалардың әлеуметтік желілерді бақылаусыз пайдалануы олардың психологиялық жағдайы мен қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерге тіркелуіне заңнамалық деңгейде шектеу енгізу мәселесін қарастыру қажет.

Ұсынысқа сәйкес, әлеуметтік желілер кәмелетке толмаған пайдаланушылардың жасын анықтау және жас шектеулерін сақтау тетіктерін енгізуі тиіс.

Айта кетейік, мұндай шектеулерді енгізу мәселесі әлемнің бірқатар елінде де талқыланып келеді. Қазақстанда бұл бастама әзірге депутаттық ұсыныс деңгейінде.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→