weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

⁠Жұмыстағы стресс ерлердің потенциясына әсер етуі мүмкін

Жұмыстағы жоғары деңгейдегі стресс ерлердің эректильді функциясына кері әсер етуі мүмкін. Мұндай байланыс 826 ер адам қатысқан жаңа зерттеуде анықталған, деп хабарлайды Newsroom.kz EurekAlert!⁠ cілтеме жасап.

⁠Жұмыстағы стресс ерлердің потенциясына әсер етуі мүмкін
Фото: Ашық деректер көзі

Зерттеуге 22-40 жас аралығындағы толық жұмыс істейтін ер адамдар қатысқан. Ғалымдар жұмыс уақытының ұзақтығын, шешім қабылдау еркіндігін, басшылықтың қолдауын, әріптестермен қарым-қатынасты және мансаптық қысымды бағалаған. Сонымен қатар қатысушылардың эректильді функциясы мен кортизол, тестостерон деңгейлері зерттелген. 

Нәтижесінде жұмыс стрессі жоғары топтағы ерлердің 54,37%-ында эректильді дисфункция байқалған. Бұл көрсеткіш стресс деңгейі төмен топпен салыстырғанда шамамен 10 есе жоғары болған.

Ғалымдардың айтуынша, ұзақ уақытқа созылған стресс кезінде ағзадағы кортизол деңгейі жоғарылап, кейін тестостерон мөлшері төмендеуі мүмкін. Зерттеу дерегіне сәйкес, кортизолдың жоғарылауы тестостерон төмендеуінен 2-4 апта бұрын, ал тестостерондағы өзгерістер эректильді функцияның нашарлауынан 4-6 апта бұрын байқалған. 

Зерттеушілер жұмыс уақытының ұзақтығы эректильді функцияға кортизолдың жоғарылауы арқылы әсер етуі мүмкін екенін, ал басшының қолдауы керісінше қорғаныш фактор болуы ықтимал екенін атап өтті.

Дегенмен ғалымдар бұл зерттеу жұмыстағы стресс міндетті түрде эректильді дисфункцияның себебі екенін дәлелдемейтінін ескертеді. Зерттеу негізінен олардың арасындағы байланысты көрсетеді. Ерлердің жыныстық денсаулығына стресс пен қатар ұйқы, өмір салты және басқа да денсаулық факторлары әсер етуі мүмкін. (Наука⁠)
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→