Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге көктайғақ туралы ескертті

22 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр аралас қар және қар жауады деп болжанып отыр. Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды

Жауын-шашын Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында күтіледі.

Республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жолдың тайғақ болуы мүмкін.

Осыған байланысты жүргізушілерге ауа райын ескеріп, көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтау, жол жағдайына сай жылдамдық таңдау және күрт маневр жасамау ұсынылады.