Жаңалықтар

⁠Ринат Заитов әскери-патриоттық орталықтың басшысы болды

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Ринат Заитов Қазақстан Қорғаныс министрлігіне қарасты Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды

Ринат Заитов жаңа қызметке қазан айының басында кіріскен. Ол бұл туралы Adal ADAM YouTube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Бұрынғы депутаттың айтуынша, оған бұл қызметті Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы Айдос Мырзахметов ұсынған.

Ұлттық әскери-патриоттық орталық әскери қызметшілер мен әскерге шақырылуға дейінгі жастарға патриоттық тәрбие берумен, сондай-ақ мәдени іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады.

Ринат Заитовтың сөзінше, жаңа қызметке келуіне Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиғадан кейін қорғаныс саласында басталған реформалар әсер еткен. Еске салайық, аталған өңірде тактикалық оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқан.