Қаржы

Halyk 150 МВт жел электр станциясын қаржыландыруға қатысады

Halyk Bank 150 МВт қуаттағы жел электр станциясын салуға 138 млн доллар бөледі. Жоба жаңартылатын энергия көлемін арттырып, 2027 жылы басталып, 2028 жылы пайдалануға берілмек.

Halyk Bank қуаты 150 МВт болатын жел электр станциясын салуды қаржыландыруға қатысады. Жобаның жалпы қаржыландыру көлемі 138 млн долларды құрайды.

Жаңа станция өңірде жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр көлемін арттырып, экологиялық таза энергияны пайдалануды кеңейтуге және энергетикалық теңгерімді әртараптандыруға мүмкіндік береді.

Құрылысты бастау 2027 жылғы наурызға жоспарланған, ал нысанды пайдалануға беру 2028 жылғы қыркүйекте күтіледі.

Halyk Bank басқарма төрағасының орынбасары Ольга Вурос келісімге қатысты пікір білдіріп, банктің ESG стратегиясы аясында экологиялық жобаларды қаржыландыруға басымдық беретінін және Қазақстанның тұрақты дамуына үлес қосуға ұмтылатынын айтты.

«Жүзімдік» ЖЭС жобасын қаржыландыруға қатысу біз үшін ерекше маңызды, өйткені ол ККС компаниясының стратегиялық маңызы бар инвестициялық бастамасын қолдауды елдің ұзақ мерзімді экологиялық және экономикалық мақсаттарына қол жеткізумен ұштастырады.

Жел паркі кезең-кезеңімен салынады. Бірінші кезеңде 150 МВт генерация қуаты іске қосылып, кейін оны 350 МВт-қа дейін кеңейту көзделіп отыр.

Осы кезең аясында әрқайсысының қуаты 7,5 МВт болатын 20 жел генераторы орнатылады, 35/220 кВ қосалқы станциясы салынады және ұзындығы шамамен 22 км 220 кВ әуе желісі тартылады. Жобаны ККС компаниясы ТОО «New Clean Energy» арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ оған Қазақстанның Даму банкі де қатысуы жоспарланған.