Келес ауданында 5114 ауыл шаруашылығы нысаны жұмыс істейді

02 Қазан, 2018 959 0

Түркістан облысының Келес ауданында  бүгінде 5114 ауыл шаруашылығы нысаны жұмыс істеп келеді. Оның 4994-і шаруа қожалық болса, 120-сы өндірістік кооперативтер.

Бүгін ауданға іс-сапармен барған облыс əкімі Ж.Түймебаев ауыл шаруашылық тауарын өндіруге келгенде санына ғана емес, сапасына да ерекше мән беру керектігін айтты. 

«Біздің облыс басқа өңірлерден ауыл шаруашылығымен ерекшеленеді. Яғни, біздің өнімді еліміздің барлық аймақтары тұтынады. Одан бөлек, өзге елдерге экспортталып жатқаны қанша. Демек, біз сапаға мейлінше көңіл бөліуіміз керек. Сонда тауарларыңыз өтімді болады. Егер өнімнің сапасы жоғары болса, ұзақ сапарға да шыдамды, төзімді болары сөзсіз», - деді Жансейіт Қансейітұлы.


Сонымен қатар, əкім ауданның тыныс - тіршілігімен танысып, Қошқар ата ауылдық округіндегі «Өктемхан» шаруа қожалығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. 

Мұнда жылына 120 тонна көкөніс өнімдерішығарылады. Жалпы жер көлемі 6 гектар болса, оның 0,65 гектарына жылыжай салынған. Қожалық иесі Тұрсынбай Қалыбаев өз қаражаты есебінен жобаға 22 млн. теңге қаржы кеткен. Бүгінде мұнда 60 мың теңге жалақымен 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоба 2014 жылы жүзеге асқан.





Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.