Министр қазақтан сәби сүйген африкалық әйелге көмектесуге уәде етті

25 Қазан, 2018 757 0

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов визасының мерзімі өтіп кеткен Конго азаматы Моника Камукенж Камганза мен үш айлық қызына көмектесуге уәде етті, деп хабарлайды newsroom+ порталы  Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Оның мәселесін елшілікпен бірлесіп шешеміз",- деп қысқа жауап берді Қасымов журналистердің сұрағына.

Моника Камукенж Камганза бір жылдан бері Астанада тұрады. Конго азаматы ЭКСПО көрмесі кезінде күнкөріс қамымен келіп, ақыр соңында қалып қойған. 27 жастағы африкалық әйел осыдан үш ай бұрын дүниеге сәби әкелді. Айтуынша, қыздың әкесі қазақстандық.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.