Оралда пойыз әйелді қағып кетті

13 Қараша, 2018 635 0

Оралда жолаушылар пойызы шамамен 30 жастағы келіншекті қағып кетті, деп хабарлайды newsroom+ агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға бүгін таңертең Желаев жолы, 4-шағынаудан маңында орын алды.

«Жедел жәрдем сағат 08.17-де шақыртылды. Бригада оқиға орнына үш минуттан кейін барған. Алдын ала мәлімет бойынша бас пен мидың ашық жарақатын алған әйел облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта нейрохирург қарап жатыр», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.