Мақтааралда «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы өтіп жатыр

13 Қараша, 2018 2000 0

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпы республикалық акциясы Мақтаарал ауданында өз жалғасын табуда, деп хабарлайды newsroom+ ақпараттық агенттігі ERNUR.KZ-ке сілтеме жасай отырып.  

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мақтаарал Аграрлық колледжі студенттері осыған орай іс-шара ұйымдастырылып, өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендерін көрсетті.

Мақсат – тіл мәртебесін арттыру. Оған этно – мәдени бірлестіктер белсене атсалысты. Қазақстан бірлік пен татулықтың мекені. Қазақ елінде ынтымағы жарасқан 140-тан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім және барлығы да Қазақстанмен байланысқан.

Сондай-ақ елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс жылдан жылға артып келеді. «Мен қазақша сөйлеймін» акциясына қатысушылардың сөзінше, тіл үйренуде ешқандай қиындық жоқ. Тек меңгергісі келетін кез-келген адам ниеттенсе болғаны. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеріп, еркін сөйлеуі, ана тілін білмейтін жастарға ой салса екен дейді.

 

Тегтер: Мақтаарал, Түркістан, қаза, тіл

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.