Түркістан: Қос бірдей мақта өңдеу зауытының құрылысы жүруде

14 Қараша, 2018 1730 0

Түркістан облысында жалпы құны 6 млрд. теңгеден астам екі мақта өңдеу зауыты салынуда. Екі кәсіпорын Түркістан облысының Шардара ауданында орналасқан. 5 миллиард 475 миллион теңгелік бірінші зауыт қытайлық «ICC» ЖШС-нің инвестициялары есебінен салынады. Нысан жалпы аумағы 13 гектар жерде орналасқан. Жұмыс орындарының саны 250-300 адамға есептелген. Өндірістік қуаты жылына 150 мың тоннаны құрайды. Өнім ҚХР-на экспортталады деп хабарлайды newsroom+.

Бүгінгі күні мұнда өндірістік ғимараттардың құрылысы жүргізілуде, нысанға қажетті жабдықтар мен техника жеткізілген. Жобаны іске қосу 2018 жылдың қараша айына жоспарланған. Екінші зауыттың құрылысын қаржыландыру өзбекстандық инвестициялар есебінен «Айқажы» ЖШС-і жүзеге асырады, сомасы — 890 млн. теңге. Өндірістік нысан «Шардара» индустриялдық аймағында 10 гектар жерде орналасқан. Жобаның қуаты — жылына 50 мың тонна, 50 жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, бірінші кезеңнің іске қосылуы 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Бұл компанияның өнімдері Қытайға экспортталады. «Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы TURKISTAN INVEST инвестициялық компаниясы аталмыш жобаларды дайындауда қолдау көрсетіп, бүгінгі таңда оларды сүйемелдеумен айналысуда.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.