«Түркістан жастар премиясы» байқауы басталды

13 Қараша, 2018 544 0

Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерекесіне орай Түркістан облысы жастарының арасында «Түркістан жастар премиясы» байқауы басталды. Онда елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатының дамуына үлес қосқан өрендер бағы жанбақ. Түрлі салада өзінің білімімен, талантымен, белсенділігімен топжарған жеткіншектер іріктеліп, марапатталады.Бұл туралы newsroom+ порталы shymkenttv.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бұл байқау – жастардың шығармашылық ізденістеріне, қоғамдық бастамаларына және тұлғалық қалыптасуына кеңінен мүмкіндік ашады. Сондай-ақ, белсенді жастардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді.
Береке Дүйсебеков ,Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы:
«Түркістан жастары премиясы» байқауында «Үздік жас жазушы», «Үздік жас айтыскер ақын», «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас өндіріс маманы», «Үздік жас ерікті», «Үздік жас спортшы»,  «Бейбіт өмір батыры» сынды бірнеше аталымдар бойынша үздіктер анықталады. Сондай-ақ, облыстық бұқаралық ақпарат өкілдері арасындағы аталымдар да болады.Қатысушылардың жас ерекшелігі 14 пен 29 жасқа дейін болуы тиіс».
Баспасөз мәслихатында  Түркістан облыстық Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы да баяндама жасады.  Балмаржан Нарбекова «17 қараша – Халықаралық студенттер күні» мерекесіне орай облыста ұйымдастырылатын мерекелік шараларға тоқталды.
Балмаржан Нарбекова ,Түркістан облыстық Отбасы, балалар, жастар істері жөніндегі басқарманың басшысы:
«Түркістан облысының жастары үшін 14-16 қараша күндері облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тірегім, Түркістаным – жүрегім!» aтты өңірлік жастар форумы өтеді. Сондай-ақ,  республикалық «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты пікір сайыс турнирі ұйымдастырылады. Бұдан өзге, түркі тілдес мемлекеттерінің жастары арасында Халықаралық «Түркі әлемін тоғыстырған – Түркістан!»атты жайдарман  ойыны жастардың көңілін көтермек. Онда Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұрстан, Татарстан, Түркіменстан, Түркия Республикаларының құрама командаларымен Қазақстанның үздік ойыншылары облыс әкімінің жүлдесі үшін сайысқа түседі».
Бұдан өзге, түркі тілдес мемлекеттерінің жастары арасында Халықаралық «Түркі әлемін тоғыстырған – Түркістан!» атты жайдарман ойыны ұйымдастырылады.Онда Қырғызстан, Өзбекстан, Башқұрстан, Татарстан, Түркіменстан, Түркия құрама командаларымен Қазақстанның үздік ойыншылары облыс әкімінің жүлдесі үшін сайысқа түседі. Жастар мерекесі отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Жаңарған Түркістан – жастар қаласы!» гала-концертімен қорытындыланады.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.