Түркістан: Бостандыққа шыққан азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі қаралды

28 Қараша, 2018 292 0

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында консультациялық-кеңесші органның отырысы өтті. 

Сарыағаш аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның отырысы болып өтті. 

Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Олар - пробация қызметінде тіркеуде тұрған және рақымшылық етілген азаматтар мен атқарылған жұмыстар және пробация қызметінде тіркеуде тұрған және түзеу мекемелерінен бостандыққа шыққан азаматтарды жұмыспен қамту және 1% квотаның орындалуы. 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Байтеннің және халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Динашованың баяндамалары тыңдалды. Жиынға консультациялық-кеңесші органның мүшелері қатысты.



Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.