​Түлкібастың студенттері «Жас Отанға» қабылданды

13 Желтоқсан, 2018 515 0

Түркістан облысы Түлкібас ауданында "Жас Отан" Жастар қанаты құрамына Түлкібас көпсалалы колледж студенттерін салтанатты қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды newsroom+порталы аудандық жастар орталығына сілтеме жасап.


Салтанатты іс-шара 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылды. Атаулы күнге орай өткізілген жиынға Түлкібас аудандық "Нұр Отан" партиясы филиалы жанындағы "Жас Отан" Жастар қанатының төрағасы Әдиат Ердәулет Ералыұлы, Түлкібас көпсалалы колледждің ұстаздары мен студенттері қатысты.

Салтанатты басқосуға "Нұр Отан" партиясы Түлкібас аудандық филиалы жанындағы "Жас Отан" Жастар қанатының төрағасы Әдиат Ердәулет Ералыұлы төрағалық етіп жүргізді. Іс-шара барысында колледж студенттері "Жас Отан" Жастар қанатына толықтай өтті. Жастар қанаты құрамына мүше болғандардың арасынан бөлімше басшысы және сектор мүшелері сайланып, алда атқарылатын жұмыстарымен танысты.

Салтанатты рәсімге келген қонақтар мен колледж ұжымы студенттердің 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламасын тамашалады.


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.