​Сарыағашта латын негізді қазақ тілі әліпбиін меңгеру бойынша тренинг өтті

14 Желтоқсан, 2018 474 0

Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық кітапхананың Коворкинг орталығында аудандық тілдерді оқыту және дамыту бөлімімен бірге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың латын графикасына негізделген Қазақ әліпбиін қолдау мақсатында «Жаңа әліпбимен – жаңа болашақ» атты тренинг сабақ өткізілді.

Тренинг сабаққа ауданның қазақ тілі мамандары және кітапхананың оқырмандары қатысты.

Тренинг үш бөлімнен өтті. Бірінші бөлімде кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Өмірзақова Гүлзарипа «Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі» тақырыбында «Ой шақыру» сәтіне пікірлер айтты. Екінші бөлімінде аудандық тілдерді оқыту және дамыту бөлімінің директоры Кенжебекова Алмагүл Егентайқызы «Латын негізіндегі қазақ тілі емлесінің негізі ережелері» тақырыбында тренинг сабақ жүргізді. Үшінші бөлімінде қазақ тілі мамандары өздерінің латын гарфикасына негізделген қазақ әліпбиін қолдайтындықтарына пікірлер айтты.

Айта кету керек, тренинг сабақтың мақсаты - латын негізді қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасын практикалық тұрғыда меңгерілуін жан – жақты қамту, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, латын негізді қазақ тілі әліпбиін меңгеру болып отыр.

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.