Үш жасар бала аяз буған тайгадан жалғыз өзі шыққан

24 Желтоқсан, 2018 433 0

РФ Хабаровск өлкесіне жақын маңдағы орманда қалып қойған үш жасар бала аман қалды. Ол шағын елді мекеннен бірнеше шақырымдағы өзенге батып кеткен әкесінің өлімінен кейін жалғыз қалған, деп хабарлайды newsroom+ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін РФ Комсомольск ауданы Кенай ауылының әкімшілігі хабарлады.

Жергілікті тұрғын кешкісін ұлын балабақшадан алып, бірге өзенге барған. Ол алдағы күндері балық аулауға бару үшін жолды біліп қайтпақшы болған. Ер адам елді мекеннен 3 шақырым қашықтықтағы орманда баласын жағалауға түсіріп кеткен. Өзі қар кешкішпен өзеннің үстімен жүріп келе жатқанда, мұз жарылып, суға батып кеткен.

Баланың түсіндіруінше, әкесі ұлына ауылға қайтуын айтып қана үлгерген.

Бүлдіршін қар кешкіштің ізімен үйіне қайтпақшы болады. Ол жолға шыққаннан кейін, ауылға қарама-қарсы бағытпен кетіп қалады. Ауа температурасы түнде 30-35 градус аяз болған.

«Абырой болғанда, көлік мүлдем жүрмейтін жолмен ағаш дайындайтын кәсіпорыннан жергілікті тұрғындардың бірі үйіне қайтып келе жатқан. Ол баланы көріп қалып, үйіне жеткізген», - деді ауыл әкімшілігінің қызметкері Гүлнара Канавцева.

Қазіргі таңда мұздың астына батып кеткен ер адамның денесі іздестіріліп жатыр. 


Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.