"5 баласынан айырылған отбасының жағдайы төмен емес"

07 Ақпан, 2019 1959 0

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова үкімет отырысында Астанадағы бес баласынан айырылған отбасының тұрмысы төмен емес екенін айтты деп жазады newsroom+ агенттігі  Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

"Әкімшіліктің ақпараты бойынша, бұл отбасы тұрмысы төмен отбасының қатарына жатпайды. Отбасының кіріс қаражаты жеткілікті болған", дейді вице-министр.

Министрдің сөзіне сүйенсек, бес баланың анасы еңбек келісімшарты бойынша, жас босанған ана ретінде қосымша уақыт беріледі екен. Сондай-ақ бес баланың анасы түнгі ауысымға шықпауына рұқсат етілген.

"Аталмыш отбасыға төтенше жағдай өкілдері екі рет келген. Отбасының жағдайын көрген олар әлеуметтік қорғау орындарына хабарласып, мән-жайды айту керек еді. Балалардың ата-анасы болса, олар әлеуметтік көмек сұрамағанын айтты", -дейді вице-министр.


Сондай-ақ вице-министр бес баласынан айырылған отбасы тиісті жәрдемақыны алып отырғанын айтып өтті.

Еске салсақ, 4-ақпанда Астана қаласында үй өртеніп,  бір отбасы бес бірдей баласынан айырылды.


Ұсынған: Әсел Болатқызы



Тегтер: 5, бала, өлімі, астана, өрт,

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.