Франция жұмыссыздарға 560 АҚШ доллары көлемінде ақша төлеп отырған

11 Ақпан, 2019 451 0

Финляндия билігі екі жыл бойы тәжірибе жүргізіп, халыққа шартсыз базалық табыс ретінде белгілі бір көлемде ақша төлеп отырған. Билік бұл әрекет жұмыссыздар қатарын азайтуға септігін тигізеді деп сенгенімен, тәжірибе нәтижесі ойдағыдай шықпай отыр.

Мемлекет халыққа төлейтін шартсыз базалық табыс деп аталатын әлеуметтік тұжырымдама әлемде кейбір елдерде төленеді. Vox басылымының жазуынша, Финляндия билігі 2 мың жұмыссызға екі жыл бойы ай сайын 560 доллар төлеп отырған. Шарт бойынша, бұл жұмыссыздар жұмысқа орналасса да, аталған төлем сақталатын болған.

«Финляндия билігі осылайша мемлекет ақша төлеп отырса халықтың жұмысқа орналасу көрсеткішінің қалай өзгеретініне көз жеткізгісі келген. Дегенмен, тәжірибе нәтижесінде жұмыссыздар дайын ақшаны алып, жұмысқа орналасуға ниеттенбеген. Әйтсе де, базалық табыс олардың көңіл-күйіне барынша әсер етіп, күйзелістен сақтаған», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, бүгінгі таңда әлемде базалық табыс туралы әңгімелердің көбейгені соншалықты, халық ақыр соңында оның не үшін керек екенін де ұмытқан.

«Базалық табыс он алтыншы ғасырда кедейлік деңгейін төмендетіп, теңсіздікті жою үшін енгізілген. Ал 1970 жылдары Канадада базалық табыс енгізілген соң халықтың денсаулығы жақсарып, ауруханаларға түсу деңгейі 8,5 пайызға азайған», дейді автор.

Тегтер: Франция, джұмыссыз, салық

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.