Райм мен Артур “Сәукеле” туындысын сынағандарға жауап берді

26 Ақпан, 2019 953 0

Бұл туралы “Гәкку” арнасына сілтеме жасап newsroom.kz хабарлайды.

“Аз уақыт ішінде осындай қаралым жинайды деп мүлдем ойламадық. Егер YouTube желісінде ақау болмағанда қазіргіден де көп қаралым жинар едік деп ойлаймын”, – дейді Райм мен Артур.
Жігіттердің айтуынша, жақында жарыққа шыққанымен, бұл әннің жазылғанына біраз уақыт болған. Тек халыққа ұсынар сәт енді келіпті.

“Негізі бізде бұрыннан “Девушка казашка” деп аталатын ән болды. Соны студияда отырып, біраз өзгерттік. Біз бұл әнді ұзақ жаздық, оған түрлі аранжировка жаздық. Барлығы дайын болғаннан кейін ұсынатын уақытты күттік”, – дейді жігіттер.

Көп қаралым жинап, көптің ықыласына бөленгенімен, дуэттің бұл жұмысын сынаған жандар да табылыпты. Көпшілік бұл клип жалаңаш денесіне сәукеле мен ұлттық бұйым тағып танылған Шырын Нарчаеваға арналған деп топшылаған көрінеді. Алайда ондайларға жігіттердің берер жауабы дайын:

“Бізді Шырын арқылы хайп жасап жатыр дегендерге айтқымыз келеді. Бұл бейнеклип ол қызға арналмаған. Кезекті ұсынған туындымыз арқылы басқа елдерге қазақтың ұлттық киімі мен қазақтың сүйкімді, тәрбиелі қыздарын көрсеткіміз келді”.

Тегтер: шырын, артур, райм, сәукеле

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.