Қазақстандықтарды демалыс күндері қандай ауа-райы күтеді

01 Наурыз, 2019 587 0

Синоптиктер 2-4 наурыз күндеріне арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды newsroom.kz.

Қазақстанға Орталық Азия мен Ресейдің Еуропалық бөлігінен бір уақытта циклондардың жылжуы жалғасуда. Сондықтан алдағы демалыс күндері республикада күрделі метеорологиялық жағдаймен болатын ауа райы күтіледі.

Қазақстанның басым бөлігінде Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжыйтын атмосфералық фронттардың әсерінен қар, кей жерлерде бұрқасын, күшті екпінді жел және жылудың әсерінен көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік облыстарда оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр, жылбысқы қар, дүйсенбіде қатты жауын-шашын болуы ықтимал.

Температураның ауытқуы болады, бірақ батыстан басқа аймақтарда климаттық нормадан жоғары сақталады.

Батыста температура нормаға жақын және төмен болады.

Тегтер: ауарайы, астана, демалыс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.