Грозныйдағы шабуылды ИМ мойнына алды

21 Мамыр, 2018 1012 0

Өздерін “Ислам мемлекеті” деп атайтын экстремистік топ Шешенстан астанасы Грозныйдағы православ шіркеуінде болған шабуылды өз мойындарына алды. Бұл турасында 20 мамырда SITE Intelligence Group тәуелсіз бақылау тобына сілтеме жасаған azattyq.org хабарлады. Шабуыл кезінде екі полицей және бір тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасаушыларды полиция қызметкерлері атып өлтірген.

Православ шіркеуіне неліктен шабуыл жасалғаны белгісіз. Ресейдің тергеу комитеті күштік құрылым қызметкеріне қастандық жасау ісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Шешенстан республикасының басшысы Рамзан Қадыров шабуыл жасаушы адамдар туралы деректерді хабарлады.

“Олардың екеуі – Гелдаган ауылының тұрғындары, біреуі – Аргунский елді мекенінен, Грозныйдан аса қашық емес жерлер. Шешенстанның ішкі істер министрлігінің дерегінше, топтың жетекшісі көрші аймақтардың бірінде туылған және сонда тұрған” деп жазды Қадыров өзінің Telegram арнасында.

Шабуыл жасаушы төрт адам 19 мамыр, сенбі күні Архангел православ шіркеуіндегі адамдарды кепілге алуға тырысқан.

Тегтер: шешенстан, грозный, игил, террор, шабуыл

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.