Эстонияда қоғамдық көлік тегін болмақ

23 Мамыр, 2018 1115 0

1 шілдеден бастап Эстонияда қоғамдық көлік бүкіл ел бойынша тегін болмақ деп хабарлайды uralsweek.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. Бұл жобаға мемлекет 13 миллион еуроны бөлуді қарастырып отыр.

Экономика министрі Кадри Симсонның осы ұсынысы Таллиннің тұрғындары мен студенттерінің арасында үлкен қызығушылыққа ие болды. Тегін қатынау жүйесі алғашқы болып ел астанасында 2013 жылы енгізілген.

Бірақ бұл мүмкіндікті келген туристер де, елдің түкпір-түкпірінен келген қонақтар да қолдана алмай жүр.

Осындай жеңілдіктерге қарамастан, тегін қоғамдық көлікті енгізу жүйесін бар-жоғы 37% эстондықтар қолдайды. Көбі қызмет көрсету сапасының төмендейтіндігінен қорқады. Ал кейбірі, тіпті жеке автокөлікпен жүруді жөн санайды.

 

Тегтер: эстония, автобус, қоғамдық, көлік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.