Нұрсұлтан қаласы. Неге қолдамасқа?

21 Наурыз, 2019 894 0

Түркістан облысы "Хамит" балық кәсіпорыны жұмысшыларының пікірі

NewsROOM+Қазір әлемде Қазақстанның беделі күн санап артып келеді.  Соның ішінде Сарыарқа төріндегі елордамыз заманауи мегаполис ретінде дамып,  шын мәнінде күллі Алаштың орталығына айналды.  Ал бұл шаһарды салуда Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен.  Сондықтан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елорданың атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы бастамасын қолдаймыз. 

Бүгінде Түркістан облысы,  Шардара ауданындағы "Хамит"  өндірістік коперативі өз өнімдерімен отандық нарықтан лайықты орын таба білді. Өнімдерімізді тек Қазақстанға ғана емес, шетелге де экспорттаудамыз.   Оған мүмкіндік мол.   Себебі халықаралық деңгейде Қазақстанның беделі жоғары.  Дипломстиялық және экономикалық байланыс жолға қойылған.  Бұл ретте Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор.  Сондықтан отандық кәсіпкерлерге қолдауын аямаған қайраткердің аты ұлықталуы тиіс деп есептейміз және елорданың атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы бастаманы қолдаймыз. Біздің еңбекқор ұжым елді дамыту жолында еңбек ете береді және болашаққа сеніммен қарайды.


Бақытжан Серманиязов, 
"Хамит" өндірістік кооперативінің басшысы

Тегтер: нұр-сұлтан, қала, астана

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.