АҚШ кез келген тәсілмен Айға адам ұшырады

27 Наурыз, 2019 826 0

NewsROOM+. NASA-ға жұмысты жылдамдатуға шақырған Пенс қытайлық роботтың Жер спутнигінің кері бетіне қонғанын алға тартып, Қытаймен бәсекелестікті де еске салды.

Америка үкіметі алдағы бес жылда Айға тағы да ғарышкерлер аттандыруға ниетті. Ақ үй басшысы Дональд Трамптың өкімімен Вашингтонның ресми саясаты Айға ұшқан алғашқы әйел және кезекті ер адам Құрама Штат ғарышкерлері болады деп бағамдайды. Бұл туралы 26 наурызда АҚШ вице-президенті Майк Пенс хабарлады.

АҚШ-тың ұлттық ғарыш кеңесіне жетекшілік ететін және ғарыш саясатын жүргізетін Пенстың сөзінше Трамп«NASAжәне оның басшысы Джим Брайденстайнға бұған (Айға ғарышкер ұшыруға-ред) кез келген тәсілмен қол жеткізуді міндеттеді».

Вице-президент АҚШ ХХІ ғасырда Айға адам ұшырған алғашқы держава болады, ал «Айға ұшқан алғашқы әйел және кезекті ер адам Америка жерінен америкалық зымыранда аттанатын америкалық ғарышкерлер болады» деген ұстанымды алға тартады.

Айға ұшу жоспары

NASA-ға арналған 2020 жылғы президент бюджеті жобасында Құрама Штаттар Айға адам ұшыруды 2028 жылы жүзеге асырады деп хабарланған еді. Трамп билікке келгеннен кейін Айға арналған бағдарламаның жаңартылатынын мәлім етті.NASAАй айналасында орналасатын Gateway станциясын салуды қолға алды, аталған станция арқылы болашақта түрлі отырғызу аппараттары көмегімен адамды Айдың бетіне және кері бетіне аттандыруды жүзеге асыру мақсаты көзделуде.Ай орбитасында станция тұрғызу 2022 жылы басталады, ал станцияға ұшу 2024 жылы жоспарланған, ал америкалықтардың Ай бетіне қонуыNASAжоспарына сәйкес 2020 жылдың соңына дейін жүзеге аспақ. Агенттік Gateway халықаралық жоба екенін айтады.

АҚШ Айда Қытаймен бәсекелесе ме?

Сондай-ақ NASA-ға жұмысты жылдамдатуға шақырған Пенс қытайлық роботтың Айдың кері бетіне қонғанын алға тартып, Қытаймен бәсекелестікті де еске салды.

Наурыз айының басында Қытайдың «Чанъэ-4» аталатын ғарыш аппараты адамзат тарихында тұңғыш рет Айдың кері бетіне сәтті қонды.Осылайша, «Чанъэ-4» адамзат тарихында тұңғыш рет Айдың кері бетіне сәтті қонған аппарат болды. ТАСС ақпарына сәйкес қону орнының координаты бекітілген орынға жақындығына қарай – шығыс ұзақтығы бойынша 177,6 градус, оңтүстік ауқымы бойынша 45,5 градусты құрады. “Чанъэ-4” Сичан ғарыш айлағынан 7 желтоқсанда ұшырылған еді.

Тегтер: америка, ғарыш, ай, робот, қытай

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.