Қазақстандық балаларды ирландықтар көптеп асырап алуда

08 Сәуір, 2019 501 0

NewsROOM+. Бала асырап алу бағдарламасы 15 жыл бұрын өз жұмысын бастады. Мұнда жыл сайын іс-шаралар өткізіледі, бала асырап алушы отбасылар жиналып, жаңалықтарын бөліседі, деп хабарлайды 24 хабар арнасы.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Ирландия еуропалық мемлекеттердің арасында Қазақстаннан балаларды асырап алу жөнінде бірінші орында тұр. Бүгінде бұл елде 150 қазақстандық бала бар

«Жергілікті қазақтар мұнда ұлттық тағамдарды дайындауға үйретеді, біз олармен үнемі байланыста боламыз, қазақ тілін үйренеміз, кітап сатып аламыз. Менің ұлым Санжар аң аулаумен айналысады. Мұның соңы қалай болатынын әзірге елестете де алмаймын», - дейді берген сұхбатында Санжар-Корормаканың анасы  Пола Найланд.

Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен өткен кездесуде дипломаттар бала асырап алған балалардың тарихи отанымен тұрақты мәдени байланыстарын қолдаудың маңыздылығы туралы әңгімеледі. Дипломатиялық өкілдіктің өкілдері осындай кездесулерді ұйымдастыруға, сондай-ақ балаларды Қазақстанға сапарға шығаруға барлық қажетті көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Дублинде қазақ диаспорасы ұйымдастырған еліміздің елшілігімен ұйымдастырылған кездесуде балалар құрдастарымен сөйлесіп, Қазақстан туралы көбірек білді.


Тегтер: балаасырау, отбасы, қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.