"Арабияңа кет деді": Әбдіжаппар Әлқожа қожалар туралы сөзі үшін тағы ақталды

12 Сәуір, 2019 495 0

NewsROOM+. Басы дауға қалған Әбдіжаппар Әлқожа қожалар туралы айтқан сөзі үшін жұрт алдында тағы да ақталды. Әнші шын мәнінде нені меңзегенін егжейлі-тегжейлі түсіндіріп берген. Оған қоса, шоу-бизнес жұлдызы осы тақырып аясында өзін сынға алып, желіні шулатқан блогер туралы ойымен бөлісті деп жазады "Түнгі студия" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожа ел ашуын тудырған қожалар туралы сұхбаты туралы бар шындықты ашты.

"Бұл жерде Instagram желісінде сөз болғаны - мен танымайтын хайперлердің, менің атымнан жазып, халықтың атынан үндеу жариялап жібереді.

Кінәм болса мен айттым халыққа, әлі де айта берем. Абайсызда айтылған сөзім болсам кешіріңіздер.

Ол сұхбат үш сағат бойы болды. Әрбір қазақ текті қазақ қой. Әркімнің бабасы - батыр, біреуінің бабасы - ақын. Менен өз бабам жайлы сұраған. Қожалар жайлы сұрады. Ол жерде ұлт туралы, қазақ ұлты туралы сұралған жоқ. Ол жерде сұрақ менің руым жайлы болды.

Өзімнің ата-бабамды айттым. "Қандарың бұзылды ма?" деді. Расы керек, менің ата-бабам Райымбек, Исатай сияқты жауынгерлер, қожа болғаннан кейін молда ғой, арғы тегіміз - ишандар, қарилар. Мен соларды айтып келдім.

"Ондайлар қазір жоқ па?" деген кезде сұхбатта кесілген дүниелер бар, т.б. Оған да жауап бердім. Қазір ондай қожалар жоқ. Таза ишан болмайды. Таза қожалар өз ішінен бөлінеді, ішінен бір-бірінен қыз алады.

Бірақ жеті атасына қарайды. Сол кезде ғана қожа қожадан болып, анасы қылауыз қожа, әкесі қорасан қожа деген сияқты қожалардың өзі бөлінеді.

Тура солай үзілмесе ишандар, молдалар болады делінген. Пайғамбарымыздың уақытысында солай делінген. Жазбасында солай келген бізге, ата-бабаларымыздың үйреткені де сол.

"Қазақтан қыз алмаңдар, қазаққа қыз бермеңдер" деп үйреткеннен кейін, бізде қалыптасып қалған қағида.

Енді ол бұзылды деген сөзім сол жерде айтылды. Ол расымен бұзылды. Мысалы менің атам кіші жүздің қызын алған. Менің өзім де. Қазір қазаққа біз де қайнасып бес жүз елу жылдық тарихы бар ғой қожалардың Қазақстан жерінде. Қазақ болып кеткенбіз.

Бұл жерде сөзімді басқашалап, бұрмалап берген ғой. Бұзылды дегенді алып келіп, менің ата-бабам жайлы айтатын болсаң,"қазақтың қыздары не бұзылған ба саған, Әбдіжаппар Арабияңа кет" деп қояды.

Мен осы жерде туылып өскен бала қай жерге кетемін мен. Азаматтағым осында болса, ұлтым қазақ болса.

Бір айдан кейін мені танымайтын бір блогер шығады да, мені қазбалаған. Кеше сұхбаттассақ ол "мен Әбдіжаппар дегенді танымайды екенмін, жай көріп қалдым" деді.

Танымаса неғып кір іздеп тұр? Болмаса өзіме жазып жібергенде, осылай айтыпсың, қалай ақталасың деп. Құр халық арасына іріткі салып жіберді.

Мысалы мен қазақи әншімін ғой. Басқа шетелден дүние алып келіп, бір жерімді ашып, бір жерімді шашып, шашымды әр түске бояп жіберген, құлағына сырға таққан болмысты бұзып жүрген қазақ баласы емеспін.
Қазақтың өз болмысында жүрген, не жесем де, не тапсам да осы елдің арқасында деп жүрем. Аллаға тәубәмді айтып, бісмилләһтан әрбір ісімді бастап жүрген жігітпін" , - деді Әлқожа


Тегтер: ӘбдіжаппарӘлқожа, қожа, әнші

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.