Нотр-Дам соборындағы өрт сөндірілді

16 Сәуір, 2019 610 0

NewsROOM+. Нотр-Дам соборынан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды CNN.

"Өрт сөндірілді. Қалған жердегі өрт ошақтарын қадағалап, жалын тарағаныстық құрылымдарды, соның ішінде өрт тасымалдаушыларын салқындатуды жалғастырып жатырмыз. Сондай-ақ, өрттің қайталанбауы үшін алдын-алу шаралары қолданылуда", - деді Париждегі өрт сөндіру қызметінің ресми өкілі Габриэль Плюс.

Өрт нәтижесінде собордың мұнарасы құлап, тіреуіш құрылымы, ғимарат шатырының үштен екі бөлігі жалынға оранған. Өртті сөндіру үшін 400-ге жуық өрт сөндірушілер жұмылдырылған.

Айта кетейік, 15 сәуір күні кешкісін Париждің ең тарихи, көрнекі ғимараттарының бірі Нотр-Дам соборынан өрт шыққан болатын. Оқиға орнынаФранция президенті Эммануэль Макронның өзі келіп жағдайға байланысты ойын білдірді. Сонымен қатар, соборды қайтадан орнына келтіруге сөз берген.

Сондай-ақ, Нотр-Дам соборынан шыққан өртке байланысты ЮНЕСКО көңіл білдіріп, ғимаратты қалпына келтіру үшін көмек көрсетуге уәде берген.

«1991 жылы ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары қатарына тіркелген Нотр-Дам собордағы өртке қайғырып көңіл білдіреміз. ЮНЕСКО бұл ахуалды мұқият қадағалайды және баға жетпес мұраны қорғау және қалпына келтіру үшін Франциямен қатарласа жұмыс жасайды», - деп жазды ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Одри Азули өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Жергілікті ақпаратар құралдарының мәліметінше ғимаратта жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

Тегтер: Нотр-Дам, өрт, ғимарат

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.