Атышулы модель Динагүл Тасова ел алдына тағы да жалаңаштанып шықты

18 Сәуір, 2019 805 0

NewsROOM+. Бүкіл елге іш киімсіз көйлектерімен аты шыққан қазақстандық модель Динагүл Тасова тағы да подиумда төсін көрсетті деп жазады kaz.nur.kz

Динагүл Тасованың Instagram-дағы ақпараты бойынша, ол елордалық жастар мәслихатының VII шақырылымының депутаты.  Атышулы бойжеткен тағы да барша жұртты өзіне қаратты.

Kazakhstan Fashion Week-те модель подиумда жалаңаш төсін көрсетті. Грузиялық дизайнер Кети Чхиквадзенің топтамасын көрсеткен кезде қазақстандық ару шілтер іспетті ұзын көйлек киіп шықты. Алайда ол төстартқыш тақпаған. Көрсетілім суреттерін ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Screenshot_6.jpg

Еске сала кетейік, ол мұндай ашық көрсетілімге бірінші рет қатысып отырған жоқ. Өткен жылдың желтоқсан айында Динагүл Тасова елордадағы сән көрсетілімі кезінде мөлдір көйлек киіп шыққан болатын.

Содан кейін бойжеткенге көп сын пікір айтылған. Тіпті арудың ағалары оған қатты ренжіген. Сол үшін оны кездесіп жүрген жігіті соққыға жықты.

Содан кейін ару енді төсін жалаңаштап шықпайтынын мәлімдеген болатын.

Тегтер: ДинагүлТасова, модель, KazakhstanFashionWeek

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.