Маңғыстауда үшем дүниеге келді

02 Мамыр, 2019 578 0

NewsROOM+. Маңғыстау облысында биылғы жылғы алғашқы үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаевқа сілтеме жасап.

Жаңаөзен қаласының 35 жастағы тұрғыны Кәмшат Төребекова енді 6 баланың анасы атанды. Бұған дейін 2 ұл және 1 қызы болған.

Бақытты ана салмағы 1 090 грамм бір ұлды және 1 990 грамм және 2 500 граммдық екі қызды дүниеге әкелді

Дәрігерлердің айтуынша, жүктіліктің жеті айлығында әйелдің денсаулығына байланысты кесарь тілігін жасауға тура келген. Операция сәтті өткен.

Қазіргі уақытта балалар дәрігерлердің бақылауында. Анасы мен балалардың жағдайы тұрақты.

Ананың айтуынша, ол үшемнің анасы болатынын жүктіліктің бірінші аптасында-ақ білген. Аяғы ауыр кезде оған барлық отбасы мүшелері қолдау көрсеткен.

Отағасы жүргізуші болып жұмыс істейді. Ал, әйел үй шаруасында.

«Қазіргі уақытта сәбилер дәрігерлердің жіті бақылауында. Әзірге балалардың салмағы жетіңкіремейді, бірақ дәрігерлер жұмыла жұмыс істеп жатыр. Олардың әрқайсысы салмақ қосып, таяу уақытта перзентханадан шығады», - деп жазды Азамат Сәрсенбаев.



Тегтер: маңғыстау, үшем, бала, отбасы

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.