Нұр-Сұлтанда аудандық дәрігерлердің жалақысы 224 мың теңгеге дейін артады

02 Мамыр, 2019 536 0

NewsROOM+. Елордада медицина қызметкерлерінің жалақылары өспек, деп хабарлайды primeminister.kz.


Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған №10 қалалық емхана мысалында медицина саласының сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмысының барысын тексерді.

Емхананың бас дәрігері Ғ. Алпысбекованың хабарлауынша, цифрландырудың нәтижесінде кезекте тұратын адамдардың саны 60%-ға азайған.

Жалпы алғанда, медициналық қызмет көрсету бойынша тұрғындар үшін биыл Нұр-Сұлтанда 11 қосымша медициналық ұйымның ашылуы жоспарлануда.

Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлі Елжан Біртанов Ельбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жобасы аясында 1 маусымнан бастап елордалық дәрігерлердің жалақысын - 224 мың теңгеге ал, медбикелердікін 163 мың теңгеге дейін ұлғайтылатынын хабарлады.


Тегтер: нұр-сұлтан, жалақы, медицина, дәрігер

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.