ШҚО-да 16 жастағы жасөспірім аттан құлап, өзенге ағып кетті

04 Мамыр, 2019 596 0

NewsROOM+. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды newsroom.kz  Алтайньюс басылымына сілтеме жасап.

Басылымның ақпаратынша, Аягөз өзені арқылы малды айдап өтпек болған 16 жастағы жасөспірім аттан ауып, суға құлаған. Қатты ағыс оның денесін ағызып әкетіпті.

Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баланың денесін төтенше жағдай өкілдері мен сақшылар бірнеше сағат бойы түнге дейін іздеген. Мәйіт оқиға болған орыннан 50 метрдей жерден табылған.

Құтқарушылар малшыларға өзен тасып жатқан кезде ағысы қатты жерлерден өтпеуді ескертеді.


Тегтер: ШығысҚазақстаноблысы, оқиға, ат, бала

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.