Төлеутай Рахымбеков кім? Президенттікке үміткер ретінде тіркелді

06 Мамыр, 2019 788 0

NewsROOM+. ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төлеутай Рахымбековті президенттікке бесінші кандидат ретінде тіркеп, куәлік табыс етті.

Кандидат «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы қоғамдық бірлестігі атынан сайлауға қатысады. Ол қазақстанның барлық өңірінен 122 309 қол жинаған.

«Президенттікке кандидат Төлеутай Рахымбековтің кірістері мен мүлкіне қатысты декларацияны тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы бар. Оны тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды берілді. Бұдан бөлек, аумақтық сайлау комиссияларының президенттікке кандидат Төлеутай Сатайұлы Рахымбековті қолдап жиналған азаматтардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамалар ұсынылды. Осы хаттамаларға сәйкес, Қазақстанның барлық өңірлерінен 122 309 азаматтың қолы жиналды. Соның 120 754-ті расталды. Ал кандидат жинаған қолдардың қажетті саны кемінде 118 140-ті құрайды», - деп атап көрсетті комиссия мүшесі Ақылбек Ихданов.

Төлеутай Сатайұлы 1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде туған.

  • 1986 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын тәмәмдаған. Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 1986 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтының кіші ғылыми қызметкері болып бастаған.
  • Ауыл шаруашылық министрлігінің "ҚазАгроИнновация" АҚ президенті, Премьер-Министр орынбасарының кеңесшісі, ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Қазіргі уақытта президенттік сайлауға 5 кандидат тіркелді: Қасым-Жомар Тоқаев, Сәдібек Түгел, Амангелді Таспихов, Дания Еспаева, Төлеутай Рахымбеков. 


Тегтер: ауыл, партия, президент, ТөлеутайРахымбеков

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.