Қырғызстан мектептерінде түлектер кешіне тыйым салынды

06 Мамыр, 2019 618 0

NewsROOM+. Білім және ғылым министрі Гүлмира Құдайбердиева қол қойған жарлық бойынша, мектептерде директорлар мен мұғалімдерге сыйлық алуға және соңғы қоңырау үшін ақша жинауға тыйым салынды.

Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойын-сауық мекемелерінде түлектер кешін өткізуге де тыйым салынды.

Қалалық және аудандық білім беру басқармаларының басшыларына бұл күні кезекшілік орнату тапсырылған.

Жарлық орындалмаған жағдайда шара қолданылады, тіпті мектеп басшылары жұмыстан шығарылуы мүмкін.

Қырғызстандағы барлық мектептерде соңғы қоңырау 25 мамырда сағат 9.00-да басталады.

Дереккөз: centralasian

Тегтер: қырғызстан, мектеп, форма, той

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.