"Дінмұхаммед Қонаев басынан сипап өсірген": Әнші Жанар Хамитованың шетелдік күйеуі кім

07 Мамыр, 2019 843 0

NewsROOM+. SuperStar.kz жобасының финалисі Жанар Хамитова өнерден қол үзген 11 жылғы ғұмыры мен күйеуі жайлы шындықты айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме жасап.

Жанар Хамитова өзінен 12 жас үлкен ер азаматқа тұрмысқа шығып, енесімен және күйеуінің бірінші некеден туған баласымен бірге өмір сүрген.

«Амстердамда 3 жыл тұрдық. Үлкен ұлым дүниеге келді. Сосын Алматыға қоныс аударып бұл жерде 6 жыл тұрақтадық. Артынша Дубайға кеттік. Алайда, ол жерде өмір сүру тым қымбат болды. Осылайша біз Антальядан бірақ шықтық», - дейді Жанар

Күйеуі қазақ, Дінмұхаммед Қонаев басынан сипап, сол кісінің қолынан кәмпит жеп өскен адам екен. Жанардың жары Кезінде еңбек министрі болған Әубәкір Қасымхановтың шөбересі көрінеді. Әншінің өмірінің бес жылы жақсы өтіп, қалған уақытта балалары үшін ғана шыдап келген.

«Тағдыр маған белгі берді.11 жылдың ішінде 6 неке сақинасы сынып қалды. Күйеуім алтыннан да, күмістен де сыйлап, ақыр соңында шаршады. Өйткені, еден жуып жатсам да, өздігінен жүзіктерім сынып қала беретін», - дейді ол.

Ата-анасынан қолдау таппаған Жанар Түркиядан келгеннен кейін ыдыс-аяқ жуып қызмет атқарған. Қазіргі таңда балаларын қатты сағынып жүрген ол, мүмкіндік бола қалған кезде оларды елге қайтарғысы келеді. Енесінен қанша қаталдық көрсе де, балаларын бауырына басып, жағдайын жасап, екі ұлын қатты жақсы көретіні үшін күйеуінің анасына өкпе артпайды.

«Қолыма бір пакет алып «Бәрін сендерге сыйладым, Алла сендерге денсаулық, маған көп ақша табуды бұйыртсын» дедім де кетіп қалдым.

Балаларымды апаратын жерім болмаған соң амалсыз қалдырып кеттім. Түннің ортасында 5 жыл балаларыма массаж жасаған танысымның үйіне бардым. Ертесінде бірден жұмыс іздеуге кірістім. Күйеуім берген 100 АҚШ доллары ғана бар қолымда. Бір аптаның ішінде күтуші болып жұмыс істеп, 1000 лира таптым. Сосын көлік қоятын жерлерді сыпырып, 75 лираға үй жинап күн көрдім. Тіпті Антальядан Аланияға баратын 5 лирам болмаған кездер де болды», - деп еске алды әнші.

Тегтер: ЖанарХамитова, әнші, өмірбаян

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.