Қарағандыда батут құлады: қала әкімдігі қайтыс болған баланың жанұясына көмектеспек

27 Мамыр, 2019 601 0

NewsROOM+. Қарағанды әкімдігі батуттың аударылуы салдарынан көз жұмған баланың жерлеу рәсімін өткізуге көмек көрсетеді. Одан бөлек, қала билігінің назарынан жарақат алған балалар да тыс қалмайды деп хабарлайды NUR.KZ.

«Қала басшысы Нұрлан Әубәкіров Орталық саябақта көз жұмған баланың жанұясына барып, көңіл айтты. Әкімдік жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмек көрсетеді», – деді әкімдіктің баспасөз қызметінде.

Аударылған батуттан зардап шегіп, ауруханаға түскен балалар да назардан тыс қалмаған. Оларға Қарағанды әкімі орынбасары Ирина Любарская мен білім бөлімінің басшысы Гүлсім Қожахметова барды.

Полиция төтенше жағдайды тергеумен айналысып жатыр. Іс ҚР ҚК-нің 306-бабы 3-бөлігі «Адам өліміне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету» бойынша жүргізілуде.

Тегтер: қарағанды, батут, өлім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.