Шығыстық түлектер игі істің басынан табылды

29 Мамыр, 2019 540 0

Жыл сайынғы дәстүрлі мейрам соңғы қоңырау салтанатында Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Саржал ауылының түлектері ауыл тұрғындарына хоккей алаңын тарту етті.

Аталған шарада сөз алған аудан әкімі Жарқынбек Байсабыров Елбасы мақаласында - туған жерге туың тік – деп айтылған сондықтан, бүгінгідей шарадан әрбір азамат үлгі алуы тиіс деді.

2009 жылы мектеп бітірген түлектер хоккей алаңын жасап отыр. Басты мақсатымыз – шығыс өңірінде қысқы спорт түрлерін дамыту, ел жастарының игілігіне спорттық мүмкіндік сыйлау дейді игі істің басы-қасында жүрген азаматтар. Түлектер атынан сөз алған Олжас Мысыр - ауылымыз кіші отанымыз. Әрбір азамат өз ауылына үлес қосса еліміз дамиды. Бұл шараны өзге түлектерге үлгі болса деген де ниетпен бастап отырмыз – деді.

Айта кететін жайт, Абай ауданы – Семей қаласынан оңтүстік батысқа қарай Шыңғыстаудың бөктерінде орналасқан. Абай шәкірттері Көкбай, Шәкәрім Абай ауданында өмір сүрген, Елбасыға бата берген ақын Шәкір Әбенов өмір сүрген рухты аудан. Ауданның батысы мен солтүстігі ұсақ шоқылы жазық. Оңтүстігінде Шыңғыстау жоталары жатыр. Климаты қатал болғандықтан, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қар қарашадан наурызға дейін жатады. Қаңтар айының орташа температурасы 14,2º С; шілдеде – 20,7º С жетеді.


Дереккөз: https://www.facebook.com/olzhas.myssyr

Тегтер: шығыс, қазақстан, саржал, абай, аудан, түлек, жаңалықтар, спорт, алаң, хоккей

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.