Құрметті сенатор Назарбаев дауыс бере алмайды

06 Маусым, 2019 882 0

NewsROOM+. Қазақстан Парламенті Сенатының төрайымы Дариға Нұрсұлтанқызы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" куәлігі мен төсбелгісін тапсырды.

"Бүгін Сенат тарихындағы тағы бір ерекше күн. Сенаттың өткен отырысында депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына "Құрметті сенатор" атағын беру туралы тарихи шешімді бірауыздан қабылдады. 

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сізге "Құрметті сенатор" атағын беру туралы шешім - бұл сөзсіз мемлекеттігіміздің негізін қалаудағы, әлем мойындаған стратегиялық даму бағытын айқындаудағы сіздің сіңірген еңбегіңіздің бағалануы. Сіздің қос палаталы парламент құрудағы жасампаздығыңыз бен кәсібилігіңіз үшін сенаторлардың осы бір ықыласын қабыл алыңыз" деді Дариға Назарбаев.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев сенаторларға алғысын айтып, пікір білдірді.

"Мен өз мандатымды тапсырып, қызметімді тоқтату туралы шешімге келгенімде барлық шетелдік мемлекет басшылары маған хабарласып, хат жолдады. Дәл осыншалық реакция болғанына мен өзім де таң қалдым.

Біз барлығыына билік транзиті мәселесін қалай шешу керектігінің үлгісін кезекті рет көрсеттік. Олар дәл осыған  реакция көрсетті. Яғни, халық даналығы әрқашан орындалады. 

Мен сіздерге алғыс айтамын. Сенатқа келіп, ой-пікірімді айтып тұрамын. Керек болса, бірге ақылдасатын боламыз", деді Нұрсұлтан  Назарбаев.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" лауазымын беру туралы бастаманы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурыздағы инаугурация кезінде ұсынған болатын.

"Құрметті сенатор" лауазымы палата отырыстарына қатысуға, қандай да бір шешімдерді шығаруға араласуға, пікір қосуға мүмкіндік береді. Алайда бұл статус иегері Сенат отырысында дауыс бере алмайды.

Дереккөз: Abai.kz

Тегтер: Құрметтісенатор, Назарбаев, куәлік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.