9 маусым. Сайлау күнінде дүниеге келген сәбилерге көп қойылған есімдер

10 Маусым, 2019 786 0

NewsROOM+. Кеше Түркістан облысының перзентханаларындағы әйелдер сайлауға қатысты. Олар таңғы 7-ден бастап дауыс бере бастады. Бұл жөнінде облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды. 

Сайлау Түркістан облысының барлық перзентханаларында өтті. Сайлауға үш жүзден астам жүкті және босанған әйелдер қатысты. 

Жалпы, Түркістан облысы бойынша жылына 55 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Кеше 200-ге жуық бала дүниеге келді. Олардың жүзден астамы қыз бала. 

Айта кетерлігі, кеше аталған өңірде дүниеге келген сәбилерге ең көп қойылған есімдер - Сайлаубек, Сайлаугүл, Қасым-Жомарт екен.

Тегтер: 9маусым, сайлау, бала, есім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.