Тоқаев: Қазақстанда митингілер өткізуге рұқсат беріледі

17 Маусым, 2019 619 0

NewsROOM+. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда азаматтарға шеруге шығуға рұқсат беретін заң қабылданатынын айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан президентінің сөзінше, елімізде санкцияланған митингілерді өткізуге рұқсат беретін заң қабылданады.

«Әрине, заңсыз жасалған әрекеттердің бәрі тоқтатылады. Бас прокуратура көшелерде мұндай митингілер өткізудің заңсыз екенін бірнеше рет ескертті. Себебі олар қатысқысы келмейтін адамдарға кедергі келтіреді. Сондықтан өз пікірін білдіру үшін шеруге шыққысы келетін адамдарға рұқсат беретін заң қабылданады. Ол бойынша, адамдар тиісті органдарға жүгініп, оларға жиналу және өз пікірін білдіру үшін арнайы орын белгіленеді», - дейді Тоқаев.


Тегтер: Қасым-ЖомартТоқаев, президент, митинг, заң, шеру

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.