Базарларда жасөспірімдер мен жан-жануарлар арасындағы порно фильмдер жасырын сатылуда

17 Маусым, 2019 410 0

NewsROOM+. Елімізде жасөспірімдердің қатысуымен түсірілген порнографиялық фильмдер астыртын жолмен саудаланып жатыр! Пысықайлар, мұндай дискілердің сыртына мүлдем бөлек кинотуындылардың атын жапсырып, бизнес жасауда, деп жазды  KYN.KZ  «Еуразия» арнасының «Басты бағдарламасына» сілтеме жасай отырып.

Ал, туындырылар болса көрші Ресей мен неміс елдерінен жеткізіліп жатқан көрінеді. Итпен, мысықпен, маймылмен, қысқасы жан-жануармен жыныстық қатынасты насихаттайтын порнографиялық видеоларда бар әлгі кәсіпкерлеріңде! Ең қызығы соны сатып алатын азаматтарда табылып жатыр.

Алматылықтар арасында «Зеленый базар» аталып кеткен алаң! Қым қуыт тіршілікте.. Тірлігін тыныш қана тындыратындар бар мұнда! Саудагерлер, порнографиялық дискілерді жасырын сатуда! Жасырын деуіміз бекер емес! Сөреде жоқ өйткені, ал сұрасаң табыла кетеді.

Арбаның астын сипалап кетеді. Ал, оның астында небір бәле жатыр енді!

«С животными есть? Жан-жануармен бар ма? Мен өзіме сұрап жатқаным жоқ, біреуге! Ондайды ала ма жалпы? -Әрине! Өз клиенттерім бар! -Базар жоқ! Сонда аңдардың қайсы? — Енді… ит бар, мысық дегендей!

Сатушының осы сөздерін көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Жиіркенішті ия? Ал, мұндай азғындыққа кімдер барады сонда?

«Әрине ол көбінесе оған зоофилия дегенге баратын өзіне деген сенімі төмен адамдар. Өйткені өзіңіз ойлаңыз махабатсыз. Ол ойлайды , ол өзінің еркектігін көрсеткісі келеді, басқа неге өйткені оның несі жетіспейді, біреуді қызбен айналдырып, онымен сөйлесіп, махаббат деген сезімді ол түсінбейді. Тек қана ол ойлайды, өзінің еркектігін көрсеткісі келеді дағы, оның ой өрісі жетпейді анаған»,-дейді  психолог Құбажай Шампетова.

Яғни, әуестігі адамға емес, жан-жануарға ауып тұратындар! Әлгілерді ғылым тілінде зоофилдер дейді! Ал, екінші топқа келсек, олар керісінше ешқандайда ауру емес! Бар-жоғы дұрыс емес тәрбиенің құрбандары! Барынша, еркіндік беріліп, айтқанын екі етпей, бетінен қақпай өсірген бала, ертен азамат болып жетілгендеде өзін кез-келген дүниені көруге,түртуге, тисуге құқылы санайтын көрінеді!

«ол еркіндікпен өскеннен кейін. Олар еркіндікті қалай түсінеді. Еркіндік ол ананыда алуға болады, мынаныда нетуге болады. бүкіл мүмкіншілік жасап, оларға еркіндікті олар ойлайды: арақ ішіп, жүріп, анамененде жүріп мынау, оны еркіндік деп санайды. Еркіндік дегенді оны дұрыстап түсіндіру керек. Еркіндік деген ол жаман істен, жаман нәрсеге бармау. Еркіндік сонда. Еркіндік кісі тазалықпен өссе таза нәрсемен жүрсе, сонда ғана кісі еркін бола алады»,-дейді  психолог Құбажай Шампетова.

Еркіндік демекші, қазір мұндай бәлелерді көремін, табамын, істеймін дейтіндер үшін түкте қиын емес! Эксперимент үшін интернетке кіріп, әлгі азғын видеоларды әдейі теріп көрдік! Бір ғана сұрауымызға 6 млн 210 мың ұсыныс шықты!

«Біз 2016 жылдың өзінде тиісті ведомство Қазақстан аумағында жұмыс істеп тұрған 33 мың сайтты бұғаттадық! Одан бөлек в контакте, фейсбук, инстаграм секілді танымал әлеуметтік желі парақшаларынан 4 жарым мыңға жуық материалды жойдық!»,-дейді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің комитет төрағасының орынбасары Михаил Комиссаров.

Ия! Бұл цифрлар әлгі интернет шығарған ұсыныстың жанында түк еместігі белгілі ғой енді! Ол аздай, азғындар базар біткенге шығарып тағы саудалайды!

«Биылғы жылдың бес айында порнографиялық видео таратуға қатысты 11 іс қозғалды, соның 8-і интернет арқылы, болса жасөспірімдерді тарту бойынша 1- іс тергеуде. Жалпы осындай қылмыстық әрекеттер үшін қылмыстық кодекстің 311-312 баптары бойынша қылмыстық жазалар көзделген! Атап айтқанда, 3 жылдан 5-ке дейін бас бостандығынан айыру!»,-дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділда Ораз.

Бірақ, соған қарамастан, пысықайлар тірліктерін астыртын тындырып жатыр! Обычные фильмы 250! Неге жәй фильмдер 250 теңгеден ғой, ал мынау 1000 тг? Қолға түссең біттің ғой! -А, солай ма? Түсінікті! -Өзің бір күдіктісің! — Мен бе? Неге? — Қазір, әдейі жібереді ғой! Ұстау үшін! — А, аналарды айтасыз ба? Ой, жоқ аға! Неге?

Жазушы журналист Әділбек Қаба жаһандану заманында есікті тарс жауып, әлемнен бөлек тіршілік ету нонсенс дейді әрине! Мұндайға, төтеп берудің бірақ жолы бар! Ол иммунитет қалыптастыру! Яғни, ұлттық идеологияны!

«Бір бейбас семья тәрбиелеп шықты баласын, екі бейбас, үш бейбас! Осының бәрін тәрбиелеп шыққанда қаншама бейбас болып шықты қоғамда! Оны айналасында көретін адамдар бар, олар еліктейді.Біз өте еліктегінш халықпыз бір жағынан! Сондықтан да мен ойлаймын, жаңағыдай дүниелердің арт жағында осындай кеселдер тұр!

Осындай кеселдерден құтылу үшін, жәй ғана айтып қойып, ұрандатып, анда санда шапанымызды киіп шығып, қазақпыз деп емес, кәдімгі біздің салт-дәстүр қандай еді, соны бағдарлама түрінде қайта тірілтіп,ақсақалдан бастап, кішкентай балаға дейін ұлттық менталитетке қайта тәрбиелеу керек!»,-дейді жазушы -журналист Әділбек Қаба.

Тегтер: балалар, фильм, порнография, сауда, сатылым

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.