Қасым-Жомарт Тоқаевтың қытай тілінде еркін сөйлеген видеосы желіде тарады (видео)

18 Маусым, 2019 1017 0

NewsROOM+. Желі қолданушылары Тоқаевтың қытай тілінде сөйлеген видеосын бір-біріне жіберіп жатыр.


Тоқаев үш жыл бұрын Қытайдың халықаралық мәселелер жөніндегі институтында Қазақстан сенатының спикері ретінде қатысты. "Өзгерген әлем: Қазақстанның көзқарасы" деген тақырыпта Қытайда дәріс өткен.

Қазақстан президенті бірнеше шет тілде сөйлей алады. Ал қытай тілін өмір бойы зерттеп келеді. Тілді халықаралық қатынастар жөніндегі Мәскеу мемлекеттік институтында оқыған кезде үйрене бастаған. Оқу орнының 5-курсында оқып жүргенде Тоқаев КСРО-дан Қытай Халық Республикасына жарты жылға диплом алдындағы іс-тәжірибеге жіберіледі. 

1975 жылы КСРО-ның СІМ қызметіне түсіп, Сингапурдегі кеңестік елшілігіне қызметке жіберіледі. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне оралды. 1983 жылы Қытайға Пекин лингвистикалық институтында 10 айлық тағылымдамадан өтіп келді. 1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде жұмыс істеді, одан кейін Пекиндегі Кеңес өкіметінің елшілігіне жіберілді. Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші болды. 1991 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясына жетекші дипломатиялық кадрларды қайта даярлау курстарына жіберілді.

1992 жылы Тоқаев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 1993 жылы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, 1994 жылы сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 1999 жылдың наурызында ол премьер-министрдің орынбасары болды.

1999 жылдың қазанында Тоқаев Қазақстанның премьер-министрі болды. 2002 жылдың қаңтарында отставкаға кетіп,  кейінірек мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министі болып тағайындалды. 2007 жылдың қаңтар айына дейін сыртқы істер министрінің қызметін атқарған, содан кейін Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы болып сайланды. Осы жылдың наурыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды. 2 маусымда мемлекет басшысы болып сайланды.

stan.kz

Тегтер: Тоқаев, қазақтілі, қытайтілі, полиглот

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.