Қымбат Әбілдақызы жылап қалды: Байзақова бұдан былай жалаңаштанбауға сөз берді

18 Маусым, 2019 520 0

NewsROOM+. Айжан Байзақова мен Қымбат Әбілдақызы  Аман Тасыған жүргізетін жаңа бағдарламада бетпе-бет жолығып, екі буынның тәрбиесі туралы әңгіме құрды. Бағдарламаның басында журналист Әбілдақызы Байзақованың кім екенін де білмеген. Желідегі оның жалаңаш түскен суреттерін көргенде көзіне жас алып жылап жіберді.

«Ойбай-ай айтарға сөз таппай тұрмын. Мойын десе мойын бар, бой, түр,мұрын келіскен қызсың. Саған не жетпей қалды? Жігіттер сені жабық киімде де қоймайтын еді ғой.

Не көрінді сонша шешініп. Мен жасым алпысқа келді, өмірімдегі жалғыз азаматымның алдында киім ауыстырып бір түймемді шешпеймін. Есіктерді жауып, бөлек бөлмеге барып  киініп келемін. Соның арқасында әлі күнге мен оған қызықпын деп ойлаймын.

Сенің не қызығың қалды болашақ күйеуіңе? Тапқан жігітіңнің есі дұрыс, миы бар адам ба өзі? Құдай- ау, әкең мен шешең тірі болса олар қалай жер басып жүр? Ауру болған шығар сенің мына жүрісіңді көріп?»,- деді Қымбат Әбілдақызы.

Өз кезегінде Айжан Байзақова  баласы дүниеге келгелі  ұятты, ашық-шашық суреттерге түсуді қойғанын айтты.

«Анам мен әкем тірі. Әрине басында ол кісілер менің желідегі образымды түсінбеді. Әкем әскери қызметкер. Анам үй шаруасындағы адам. Анам Шымкенттің қызы, әкем Тараздың тумасы. Басында анам көшеге шығып, туыстармен сөйлесуден қалғанын айтатын.

Қазір түсіністік. Мен анамды қатты жақсы көремін. Мен шешініп ақша таптым. Отбасымызда жұмыс істеп табыс тауып жатқан мен ғана. Анамның арманы Парижге бару еді алып бардым. Үй, машина алып бердім. Оларды ренжітпеу үшін бәрін жасап жүрмін. Қазір анам желідегі образымды түсінді.

Кейде мына жерде аз балағат сөз айт, мында ортаңғы саусағыңды шошайтпа деп айтып отырады. Мен бұрындары айтатынмын «желіге кірмеңіз, үйде менің қандай екенімді көріп тұрсыз. Желідегі Айжан есіктің сыртында қалды» дейтінмін. Қазір қарым-қатынасымыз тамаша. Мен тіпті өзім де ұлым дүниеге келгелі шешініп суретке түсуді қойғанмын»,- деп жауап берді.

Айжан тіпті осылай шешініп бүкіл Қазақстанға танылуына кезінде басында болған мәселені анасына айтпастан, өзі шешуге тырысқанының кесірі деп те атады.

Айжанның сұлулығына тамсанған Қымбат Әбілда одан «енді шешінген суреттерімді желіге жүктемеймін» деген уәдесін алып қалды.

Тегтер: ҚымбатӘбілдақызы, АйжанБайзақова, ұят, АманТасыған, ана

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.