Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен «Түркістаным – Тұраным» атты марафон өтті

18 Маусым, 2019 438 0

NewsROOM+. Елбасы Жарлығымен Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Түркістаным – Тұраным» атты  бұқаралық марафон өтті. Облыс әкімі Өмірзақ  Шөкеевтің қолдауымен тұңғыш рет ұйымдастырылған жарысқа облыстың барлық аймағынан 1000-нан аса тұрғындар қатысып, жеңімпаздарды анықтады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, newsroom.kz тілшісі хабарлайды.

Алдымен марафонға қатысушыларды облыстық спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев құттықтап, мықтылардың жеңіске жетуін тіледі. Марафон Парасат саябағынан басталып, Қазыбек би көшесі арқылы Есімхан алаңында аяқталды. Жалпы 5 шақырым қашықтықты құрайтын марафонға 5 жастан 75 жасқа дейінгі тұрғындар қатысып, белсенділік танытты.

Тартысқа толы бәсекеде мәре сызығын бірінші болып, кентаулық Ардачер Захитдинов кесті. Ол қарсыластарын ат шаптырым жер артқа тастап мықтылығын дәлелдеді. Ал, екінші орынды Ақтілек Құралбай иеленсе, үшінші орынды Бақдаулет Абдужамал еншіледі.

Ондан бөлек марафонға қатысқан ең жас 5 спортшымен жасы 70 тен асқан 5 марафоншыға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар берілді.

Тегтер: Түркістан, марафон, «Түркістаным–Тұраным»

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.